4 - маусым Қазақстан Республикасының Рәміздер күні!

4 - маусым Қазақстан Республикасының Рәміздер күні!

4 маусым – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РӘМІЗДЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІ  ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы биіктен желбіреп, мәртебесі одан әрі арта берсін! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын! Мемлекеттік рәміздер күнімен барша қазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймыз!