Инвестициялық форумның аясында «Жаңа шарттардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің даму әлеуеті» секциясы өткізілді

Инвестициялық форумның аясында «Жаңа шарттардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің даму әлеуеті» секциясы өткізілді

    2019 жылдың 30 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында Қызылорда қаласында «Baikonyr Invest» ХІ халықаралық инвестициялық форумы өтті. Форумның аясында «Жаңа шарттардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің даму әлеуеті» секциясы өткізілді.

  Секцияда халықаралық қаржылық және консалтингтік ұйымдардың өкілдері, жергілікті және басқа өңірдің кәсіпкерлері, инвесторлар, БАҚ өкілдері және басқалар қатысты.

   Секцияның модераторы болып «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік орталығы» АҚ-ның басқарма төрағасы Талғат Матаев өткізді. Секцияның спикерлері МЖӘ жобаларын іске асырудың жаңа шарттарын, оларды қаржыландырудың жаңа талаптарын, валюталық және бағалық тәуекелдерді хеджирлеу, сондай-ақ біздің өңірімізде МЖӘ жобаларын іске асыру тәжірибесін ұсынды. 

     Сонымен бірге форумның қатысушылары Қызылорда қаласында жүзеге асырылып жатқан МЖӘ жобаларымен, оның ішінде, білім және спорт нысандарымен танысты.

   Секцияда Қызылорда қаласында 400 орынға арналған студенттік жатақхананың құрылысы және пайдалануға берілуі жобасы бойынша келісім шартқа қол қойылды.