Алғашқы МЖӘ инвестициялық форумы аясындағы халықаралық және өңіраралық ынтымақтастық

Алғашқы МЖӘ инвестициялық форумы аясындағы халықаралық және өңіраралық ынтымақтастық

    Нұр-Сұлтанда екінші күн өтіп жатқан Алғашқы МЖӘ инвестициялық форумында біздің облыс белсенді қатысуда.

    Форумның екінші күні Ресей, Қырғыз Республикасы, Грузия, Тәжікстан және Өзбекстан сияқты елдердегі МЖӘ-нің халықаралық тәжірибесіне арналған. Сондай-ақ, Форумның секциялары экономиканың барлық салаларында, оның ішінде ТҮКШ, білім, туризм, мәдениет және спорт салаларында жүзеге асырылып жатқан МЖӘ жобаларының тәжірибесімен танысуды қамтиды.

    Сонымен бірге, Форумда өңірлер бөлінісінде жүзеге асырылып жатқан МЖӘ жобалары бойынша арнайы секция ұйымдастырылған. Спикерлердің бірі болып облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Жақыпбаева баяндама жасады.

  Атырау, Қарағанды, Алматы және басқа да облыстардан келген қатысушыларға Қызылорда облысында жүзеге асырылып жатқан МЖӘ жобаларының тәжірибесі назарға ұсынылды.