Студенттік жатақхананың құрылысы бойынша алғашқы МЖӘ келісім шартына қол қойылды

Студенттік жатақхананың құрылысы бойынша алғашқы МЖӘ келісім шартына қол қойылды

 

Жақын арада Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттері Қызылорда қаласындағы жаңа, толық жабдықталған студенттік жатақханаға орналаса алады.

    Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан «МЖӘ және ESG инвестициялау факторлары» халықаралық форумы аясында Қызылорда облысының білім басқармасы мен «Дильмаш» ЖШС арасында Қызылорда қаласында студенттік жатақхананың құрылысы бойынша республика бойынша алғашқы МЖӘ келісім шартына қол қойылды.

  Жобаны жүзеге асыру Қызылорда қаласының студенттеріне жатақханада тұру сапасын жақсартуға және жатақханадағы орындардың қажеттілігін азайтуға  мүмкіндік береді. 1 студентке жылына 122 АЕК көлеміндегі мемлекеттік тапсырыс «Қаржы орталығы» АҚ арқылы республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады.

   Бұл шаралар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Презаденті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Жолдауындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмін қолданып жаңа студенттік жатақханалардың құрылысын жүргізу тапсырмасы шеңберінде жүргізілуде.