«Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі және «Қорқыт ата мұраларының Түркі әлеміндегі ролі» атты ғылыми-теориялық конференциясы

«Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі және «Қорқыт ата мұраларының Түркі әлеміндегі ролі» атты ғылыми-теориялық конференциясы

   Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру бағытында халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы бірлесіп түркітілдес елдердің ұлттық фольклорлық музыкалық өнерін дәріптеу, мәдени байланысты нығайту мақсатында 2019 жылғы 20-21 қыркүйек күндері «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі және «Қорқыт ата мұраларының Түркі әлеміндегі ролі» атты ғылыми-теориялық конференция өткізілді.

     Елбасының қолдауымен алғаш рет 2006 жылы бастау алған фестиваль биылғы жылы бесінші мәрте өткізілді.

    Биылға фестивальге Түркия, Иран, Әзірбайжан, Сербия, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан, Саха республикаларынан және еліміздің әр өңірінен белгілі ғалымдар мен өнер иелері, шығармашылық ұжымдар қатысты.

     Сондай-ақ, жиында  Халықаралық  ТҮРКСОЙ ұйымы бас хатшысының орынбасары, доцент, филология ғылымдарының докторы Чакыджы Билял  мырза сөз сөйлеп, ғалымдар түркі әлеміне ортақ ойшыл Қорқыт баба жайында тың деректерді ортаға салып, баяндамалары тыңдалды.

     Сонымен қатар, фестиваль аясында  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда  мемлекеттік университеті, Қазанғап атындағы музыкалық колледжі, М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі  алыс-жақын шетелдерден келген және қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен шеберлік дәрістері ұйымдастырылды.