Облыстағы жүргізіліп жатқан газдандыру жұмыстарының барысы туралы

Облыстағы жүргізіліп жатқан газдандыру жұмыстарының барысы туралы

Бүгінгі күнге облыс халқының газдандыру үлесі 64 % - ды, Қызылорда қаласын газдандыру үлесі  95 % - ды құрайды.

Бүгінгі таңда, Арал қаласы, Әйтеке би кенті, Жаңақорған, Шиелі кенті, Қызылорда қаласының Тасбөгет кентімен Қызылжарма елді мекені газдандырылды.

2019 жылы бюджет қаржысы есебінен газдандыру бойынша 8 жоба (1. Қызылорда қаласы сол жағалау, 2. Сырдария ауданы Тереңөзек кенті АГТС, 3. Жосалы кенті кварталішілік газ тарату желілері, 4. Сырдария ауданы Тереңөзек кенті кварталішілік газ тарату желілері, 5. Арал ауданы Жақсықылыш кенті кварталішілік газ тарату желілері, 6. Жалағаш аудан Жалағаш кенті  кварталішілік газ тарату желілері, 7. Жаңақорған кенті жаңадан салынған тұрғын үйлерді газдандыру, 8. Қазалы ауданы Әйтеке би кенті  жаңадан салынған тұрғын үйлерді газдандыру) жүзеге асырылуда.

Ағымдағы жылы Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауын газдандыру жобасының 1-кезеңі, Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің автоматтандырылған газ тарату стансасының (АГТС) құрылысы, Жаңақорған және Әйтеке би кенттеріндегі жаңадан салынған тұрғын үйлерді газдандыру жобаларын аяқтау жоспарлануда.

Сондай-ақ, Арал ауданы Жақсықылыш, Қармақшы ауданы Жосалы, Жалағаш ауданы Жалағаш, Сырдария ауданы Тереңөзек, кенттерінің кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысын 2020 жылы аяқтау жоспарлануда.