Бюджеттік жоспарлау

Бюджеттік жоспарлау

Елбасының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде айтылған тапсырмаларын орындау мақсатында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Ысқақовжәне экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Н.Қордабай Астана қаласына іс-сапарға жіберілді.

Аталған іс-сапарда мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршылар мен отбасыларға (тұлғаларға) берілетін жәрдемақы, аз қамтылған көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласын дамыту, коммуналдық саланы жетілдіру және бюджеттік саланың төмен жалақылы жұмыскерлерінің, аудандық, облыстық деңгейлерде тікелей азаматтармен жұмыс істейтін атқарушы органдардың төменгі қызметкерлерінің еңбекақысын жоғарылату мәселері бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаржының Қызылорда облысының бюджетіне тиесілі көлемін анықтау жұмыстары атқарылатын болады.