«2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының №72 шешімі бекітілді

«2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының №72 шешімі бекітілді

Ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында алдағы үш жылдық кезең
2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет бекітілді. 2022 жылға облыстық бюджет республикалық бюджеттен бөлінген трансферттерді қоса есептегенде 451,8 млрд.теңге көлемінде бекітіліп отыр. Бұл 2021 жылғы бекітілген бюджетпен салыстырғанда 40,2 млрд.теңгеге ұлғайып отыр.

Бұл ретте, облыстық бюджеттің өз кірістері 35,3 млрд.теңгені, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 127,2 млрд. теңгені, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер 111,6 млрд.теңге, даму трансферттері 12,5 млрд.теңге және несиелер 2,9 млрд.теңгені құрайды.

Облыстық бюджетті бекіту барысында аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың басымдықтары мен бағыттары айқындалды. Осы орайда, облыстық бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы сақталды. Облыстық бюджет құрылымында әлеуметтік саланың үлесі 251 млрд.теңгені немесе жалпы шығындар көлемінің 57,2%-ын құрайды. Оның ішінде білім саласы 215,3 млрд.теңге, денсаулық сақтау саласы 6,5 млрд.теңге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру 20,3 млрд.теңге және мәдениет, спорт салалары 8,9  млрд.теңге көлемінде құралып отыр.

Сонымен қатар, Қызылорда облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарында көрсетілген іс-шараларды қаржымен қамтуға басымдық берілді. Бұнымен қоса, облыстық мәслихат депутаттарымен көтерілген мәселелер, атап айтқанда, мал шаруашылығын субсидиялау, шағын және орта бизнесті қолдау, каналдарды тазалау мен насостар сатып алу, балабақша нысандарының құрылысы, су бұру жүйелерін қайта жаңғырту, сондай-ақ, тұрғын үйлерді электрмен жабдықтауға қатысты аймағымыз үшін маңызды мәселелерді қаржыландыру облыстық бюджетте қаралды.