Мемлекеттік органдардың қызметіне жобалық тәсілді енгізу мәселелері бойынша семинар-кеңес

Мемлекеттік органдардың қызметіне жобалық тәсілді енгізу мәселелері бойынша семинар-кеңес

Президенттің мемлекеттік басқаруға жобалық басқаруды енгізу шеңберінде берілген тапсырмасын тиімді іске асыру мақсатында Үкіметтің жобалық басқару орталығы мен Ұлттық экономика министрлігі бірлесіп, мемлекеттік басқару жүйесіне жобалық менеджмент құралдарын енгізу бойынша негізгі тәсілдерді әзірледі.

Осы орайда «Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысы (ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы 358 қаулысы) және Мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламенті (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 57 бұйрығы) бойынша мемлекеттік органдардың қызметіне жобалық тәсілдерді енгізу мәселелерін түсіндіру мақсатында Ұлттық жобаларды іске асыру мониторингі офисімен ҚР Ұлттық экономика Министрлігі тарапынан 2021 жылғы 2 шілдеде ZOOM-конференция режимінде облыстық басқармалар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінің қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес өткізілді. 

Семинар кеңес барысында орталық және жергілікті атқарушы органдар, даму институттары қызметінің өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру үшін жобалық басқарудың қазіргі заманғы тәсілдерін енгізудің тиімділігі айтылды. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органның жобалау қызметінің ерекшеліктері бойынша сұрақ жауаптар алынды.