Қызылорда облыстық мәслихаттың кезектен тыс отырысында облыстық бюджетті нақтылау мәселесі қаралды

Қызылорда облыстық мәслихаттың кезектен тыс отырысында облыстық бюджетті нақтылау мәселесі қаралды

Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде облыстық мәслихаттың кезектен тыс 3 сессиясы өткізіліп, облыс үшін маңызды бірқатар мәселелер талқыланды. Оның ішінде 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджетті алғашқы нақтылау мәселесі.

Облыстық мәслихат сессиясының қарауына 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджетті 18,9 млрд.теңге сомасында алғашқы нақтылау мәселесі ұсынылды. Бұл қаржылар 2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыстық бюджет қаражаты бос қалдықтарын қайта бөлу және жергілікті атқарушы органның бағалы қағаздар шығару арқылы кіріс көзінің ұлғаюы, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің үнемделген (пайдаланылмаған) қаржысы есебінен қалыптасып отыр.

Бұрынғы жылдардағыдай бюджетті жоспарлаудың бірінші басымдығы әлеуметтік бағыттылығы сақталды. Осы нақтылауда әлеуметтік салаға
1,0 млрд.теңге бағытталды.

Сонымен бірге, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде халықты жұмыспен қамтамасыз ете отырып, инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту, елді мекендерді абаттандыру бойынша Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылға арналған Жол картасы шеңберінде
22 инвестициялық жобаны іске асыруға 8,4 млрд.теңге және тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару арқылы 11 жобаны іске асыруға 5,2 млрд.теңгежоспарланды.

Сонымен қатар, облысымыз үшін кезек күттірмейтін маңызды мәселелерді шешуге арналған шараларды іске асыруға 1,4 млрд.теңге қаралды. Атап айтқанда, Қызылорда қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру қорын қалыптастыруға және 5 модульдік әлеуметтік сауда дүкендерінің құрылысын аяқтауға 234,4 млн.теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Қазіргі таңда Қызылорда қаласының сол жағалауын игеру жұмыстары жалғасып, жаңадан көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеруде. Осы тұрғын үйлердің инженерлік инфрақұрылымын дамытуға, яғни, абаттандыруға, газбен, жылумен жабдықтауға, телефон желілерін тартуға 905,1 млн.теңге қаржы қаралды.