Меню
Страницы
Қызметі
Басқарма туралы
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
08 января 2026
Аймақ басшысы Мәжіліс депутатымен кездесті

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аян Зейнуллинмен кездесті. Кездесуде өңірдің ауыл шаруашылығы саласында, елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуда атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер талқыланды.
«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының 2022 жылы қараша айында Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына кіріскеннен кейін ең алғашқы қол қойған Жарлығы «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» екені белгілі.
Ауылдарды дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі болғандықтан, Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдеріне субсидияларды, басқа да қаржылай қолдауларды тиімді әрі мақсатты пайдалануды тапсырды. Басты меже – ауыл халқының табысын, өмір сүру сапасын арттыру.
Бүгінде аймақта 447 мың тұрғын, яғни халықтың 53 пайызы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бекітілген арнайы әдістемеге сәйкес, 59 тірек, 43 спутник елді мекен айқындалған. 2022-2024 жылдары 78 ауылда 31 млрд. 600 млн. теңгеден астам қаржыға 343 әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды», – деді аймақ басшысы.
Кездесуде Аян Талғатұлы «Ауыл» партиясының алдағы кезеңге арналған жоспарына тоқталып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бастамаларға қолдау білдірді.
Айта кетейік, өңірде 7 саяси партияның филиалы жұмыс істейді. Филиалдарда 81 мыңнан астам азамат тіркелген. «Ауыл» партиясының 12 мыңнан астам мүшесі бар. Облыстық мәслихаттағы 3, қалалық мәслихаттағы 1, аудандық мәслихаттардағы 11 депутат «Ауыл» партиясынан сайланған.

08 января 2026
Жеке қабылдауда көтерілген мәселелер аймақ басшысының бақылауында болады

«Өнер орталығында» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен, Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемовпен бірге Қызылорда қаласының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында: «Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады» деп атап өтті.
Кейінгі уақытта азаматтарды жеке қабылдау мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасында тікелей және шынайы диалог орнатудың маңызды құралына айналды. Бұл – нақты мәселені шешуге бастайтын пәрменді әрі тиімді тетік, қоғаммен байланыс жасаудың жүйелі жолы. Осындай жеке қабылдауларда жұртшылық өзін толғандырған мәселелерді көтеріп, оның заң аясында шешілу жолдары туралы нақты ақпарат алады.
Бүгінгі қабылдауға келгендердің басым бөлігі тұрғын үй, несие, денсаулық, әлеуметтік көмек, жер мәселелерін көтерді.
Көпбалалы ана Асфендияров көшесіне газ желісін жүргізіп және жарықтандырып беруді сұрады. Аймақ басшысы қала әкіміне «ҚазТрансгазаймақ» мекемесінің басшылығымен бірге барып, жағдайды зерделеуді, табиғи газға қолы жетпеген тұрғындар мәселесін шешуді тапсырды. Жақын күндері Асфендияров көшесіне газ тартылып, оған қоса демеушілік есебінен жарықтандырылады.
Жарқынбаев көшесінің тұрғыны көше бойына жылдамдық бәсеңдеткіш орнату туралы өтініш білдірді. Бұл жерге белгі орнатпас бұрын жол қозғалысы қауіпсіздігі мен кептелістің алдын алу үшін жан-жақты зерделенеді. Қалалық полиция басқармасымен бірлесіп, тиісті жұмыс жүргізіледі.
Сол жағалау тұрғыны ипотекамен алған пәтеріне жоғары қабатта адам тұрмағандықтан, су кеткенін айтты. Аймақ басшысы тұрғын үйді салған мердігер мекемеге мәселені шешу туралы тапсырма берді.
Еске салайық, облыс әкімі 2022 жылдан бері облыстық сот төрағасы, облыс прокуроры, ҰҚҚ Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті, облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, облыстық полиция департаменті басшыларымен бірге жылына екі рет Қызылорда қаласы мен аудандарда тұрғындарды жеке қабылдау өткізіп келеді. Облыс әкімі мен құқық қорғау органдары басшыларының айына бір рет жұртшылықты қабылдаулары да жоспарланған. Оған қоса, облыс әкімінің орынбасарлары аталған құқық қорғау органдары басшыларының орынбасарларымен бірге тоқсанына бір рет халықпен кездеседі.
Жеке қабылдауларға тек алдын ала жазылушылар ғана емес, әлеуметтік желіден хабардар болған көпшілік те келеді. Қабылданатын адам санына немесе уақытқа шектеу жоқ, ең соңғы келушіге дейін күтіп, ой-пікірін айтуға мүмкіндік ұсынылады. Негізінен тұрғындардың мәселелерін сол жерде шешуге басымдық беріледі. Кейбір сұрақтардың жауабы түсіндіріледі, бірқатарының шешу жолдары көрсетіледі. Егер орындалуы белгілі бір уақытты талап ететін болса, жауапты тұлғаларға міндет жүктеледі. Ұсыныс-пікірін, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Қабылдауда қозғалған мәселелердің барлығы облыс әкімінің ұдайы бақылауында болады.
Ашықтық қағидатына негізделген қабылдау барысында 130 астам азаматтың өтініші қаралды. Оның ішінде облыс әкіміне 60 тұрғын жеке сұрақтарын қойды.

19 декабря 2025
«Ауыл аманаты» жобасының өңірде жүзеге асырылу барысы талқыланды

ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжановтың, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Ауыл аманаты» жобасының өңірде жүзеге асырылу барысы талқыланған мәжіліс өтті.
Оған «AMANAT» партиясы өкілдері, облыстық басқармалар мен департамент басшылары, қала, аудан, ауылдық округ әкімдері және бизнес өкілдері қатысты.
​Аймақ басшысы өңірдегі ауқымды жұмыстарға, бастамалар мен алдағы міндеттерге тоқталды.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының 2022 жылы қараша айында Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына кіріскеннен кейін ең алғашқы қол қойған Жарлығы «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» болды.
Ауылдарды дамыту – мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі. Бүгінде өңіріміздің 447 мың тұрғыны (облыс халқының саны 845 мың адам) немесе 53 пайызы ауылда тұрады.
Агробизнес өкілдері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауылдардың жағдайын жақсарту үшін ауқымды жұмыс атқаруда. Бүгінгі жиынның басты мақсаты – «Ауыл аманаты» жобасын іске асырудағы негізгі мәселелерді талқылау, ұсыныс-пікірлерді бөлісу»,– деді Н.Нәлібаев.
Мәжілісте Ералы Тоғжанов «Ауыл аманаты» жобасының негізгі бағыттарына тоқталып, осы жоба шеңберінде Қызылорда облысында атқарылған жұмыстарға оң баға берді. Облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Сәкен Мырзабек, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев және бизнес өкілдері баяндама жасады.
Айта кетейік, соңғы екі жылда (2023, 2024 жж.) «Ауыл аманаты» жобасы аясында 5 млрд. 500 млн. теңгеге 782 жоба іске қосылып, 1 110 жаңа жұмыс орны ашылды. Биылға 5,5 млрд. теңге бөлініп, 443 жоба жоспарланған. Алдағы жылға 5,6 млрд. теңгеге 305 жоба көзделген. Жалпы 2,2 млрд. теңгеге 65 кооператив қаржыландырылмақ. Бүгінгі күнге 23 кооперативтік жобалар пулы жасалып пысықталуда.

19 декабря 2025
Барлық көрсеткіш бойынша болжамды жоспар орындалуы тиіс

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен 2025 жылғы қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары талқыланған Үкімет отырысы өтті. Басқосуға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.
Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысы онда көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеді.
«Біз барлық көрсеткіш бойынша болжамды жоспардың толық орындалуын қамтамасыз етуіміз қажет. Өткен 11 айдың қорытындысымен облысымызда негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы қалыптасты.
Қызылорда қаласы мен аудандарда экономикалық өсім бар. Инвестиция, оның ішінде жеке инвестициялар тарту жұмысы нәтижелі жүргізілді. Өнеркәсіп өндірісін дамытудың қосымша көздерін қарастырып, жыл қорытындысымен өсімді қамтамасыз етіңіздер.
Меншік түріне қарамастан (ірі, орта, шағын) бірде-бір кәсіпорын есептіліктен тыс қалмауы тиіс.
Экономикалық көрсеткіштердің қарқынды өсімі жолында нақты шаралар қабылдаңыздар. Кәсіпорындар ұсынатын есептіліктің уақытылы тапсырылуын, құжаттардың толымдылығын, статистикалық деректердің нақты есепке алынуын назарда ұстау керек», – деді Н.Нәлібаев.
Сондай-ақ, жауапты басшыларға жергілікті бюджеттің өз кірістері жоспарын толық орындау тапсырылды.

11 декабря 2025
«Қарызсыз қоғам»: Қызылордалық команда үздіктер қатарында

«AMANAT» партиясында «Қарызсыз қоғам» жобасы қорытындыланды. Үш жыл бұрын партия халықтың қаржылық сауатын арттыру және азаматтардың несие жүктемесін азайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізу үшін жауапты мемлекеттік органдардың, банктердің және қаржы ұйымдарының ресурсын бір арнаға тоғыстырған еді. Жоба тұтас ел аумағында жүзеге асты. Биыл 860 мыңға жуық азамат оқудан өтіп, оларға кәсіби көмек көрсетілді.
Сөз басында Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов жобаға ат салысқандарға алғыс білдіріп, оның тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсетудің тиімді құралына айналғанын атап өтті.
Бүгінде «Қарызсыз қоғам» жобасы ауқымды пікірлестер тобын біріктіріп, бұл қадам азаматтарға кешенді көмек көрсетудің тұтас экожүйесін құруға мүмкіндік берді. Партия базасында республикалық колл-орталық іске қосылып, күн сайын 180 заңгер 5 мыңға жуық өтініш қабылдауда. Бұған қоса, qogamfin.kz цифрлық платформасы құрылып, WhatsApp және Telegram-да AI-боттар жұмыс істейді. Биыл ауылдар, шалғай елді мекендер тұрғындарымен тікелей кездесу өткізетін мобильді топтар жұмысын бастады.
Жоба қызметкерлері азаматтарға алғаш өтініш бергеннен бастап, қиындықты толық еңсергенге дейін қолдау көрсетеді. Заңгерлік, психологиялық кеңес береді. Сондай-ақ, шоттар мен мүліктерді бұғаттан шығаруға, қарызды қайта құрылымдауға, берешек бойынша төлем жасаудың қолайлы кестесін құруға, жаңа дағдыларды үйретуге көмектеседі. Бұл мыңдаған қазақстандық отбасының дағдарыстан шығып, өмірді қайта бастауына мүмкіндік берді.
Елордада өткен іс-шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевке «Қарызсыз қоғам» жобасының аймақтық командасына берілген марапат табысталды.
Биыл жоба аясында 22 800 азаматқа қызмет көрсету межесі бекітілген.
Бүгінгі күні 39 167 азаматқа қызмет көрсетіліп, жылдық жоспар 172 пайыз артық орындалды.
Желтоқсанның 1-індегі мәліметке қарағанда, өңір тұрғындарынан соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы 20 610 арыз түскен.
Оның ішінде, 4 662 жеке тұлға банкрот деп танылса, 15 196 арыз қанағаттандырусыз қалдырылған, 334 арыз қарастырылуда.

11 декабря 2025
Облыстық мәслихаттың кезекті XXVII сессиясы өтті

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті XXVII сессиясы өтті. Мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, депутаттар мен жауапты сала басшылары қатысқан сессияның күн тәртібінде 19 мәселе қаралды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары аймақ экономикасын әртараптандыруға, тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған серпінді жобалар туралы айтып өтті.
«Өткен 10 айдың қорытындысына қарағанда, аймақтың макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсімі бар. Жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн. теңгеден асады деп күтілуде.
Соңғы үш жылда 1 триллион 600 млрд. теңге инвестиция тартылды. Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен облыс бюджеті 851 млрд. 300 млн. теңгеге жетіп, 2022 жылдан бері 233 пайызға өсті. Оның 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталды.
Даму бюджетінің көлемі 2021 жылы 47 млрд. теңге болса, биыл 207 млрд. теңгеге жетіп, 4,4 есеге артты. Бұл қаражат аймағымыздың ең өзекті деген мәселелерін шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталды.
Биыл 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің қолданылу мерзімі аяқталады. Осыған байланысты, 2025 жылдың 8 желтоқсанында Мемлекет басшысы «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» және «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңдарға қол қойды.
Осыған сәйкес алдағы үш жылдық кезеңге, яғни 2026-2028 жылдарға арналған бюджет параметрлері айқындалып, бүгінгі мәслихат сессиясында екі маңызды құжат «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» және «Облыстық және аудандық бюджеттер, облыстық маңызы бар қала бюджеті арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының шешімдері бекітіледі», – деді Д. Жаналинов.
Алдағы уақытта қаржыландырудың барлық көзінен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, қала мен ауылдардың сәулеттік келбетін жаңартуға, заманауи ғимараттар салуға бағытталған жаңа жобалар жалғасады.
Сессияда мәслихат депутаттары ұсыныстарын жеткізіп, қаралған маңызды құжаттардың өңір дамуындағы маңызын атап өтті.

09 декабря 2025
Cпорт саласын дамыту мәселелері қаралды

ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебайдың төрағалығымен спорт саласын дамыту мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов селекторлық режим арқылы қатысты.
Бүгінде аймақта спорт саласын дамытуда ауқымды жобалар қолға алынып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл денешынықтыру мен спортты дамытуға жергілікті бюджеттен 38 млрд. 213 млн. теңге қаржы бөлінді. Президент тапсырмасын орындау мақсатында өңірде спорт инфрақұрылымын дамытуға, бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын арттыруға басымдық берілген.
Қазір 377 мыңнан астам жерлесіміз спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Бұл – өңір халқының 44,6 пайызы. Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлайтын 33 мекеме бар.
Кейінгі 3 жылда 21 спорт кешені пайдалануға беріліп, бүгінде ел игілігіне қызмет етуде. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен елді мекендерде тағы 5 нысан ашылады. Облыс орталығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясында жас ұрпақтың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.
Биыл алғаш рет ерлер мен әйелдерге арналған «Қызылорда бокс клубы» ашылып, жұмысын бастады. Бұл бастама боксты дамыту ісіне оң серпін береді.
Мемлекет басшысының спорт инфрақұрылымын дамыту тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласында 11 мың орындық жаңа стадион ашылып, онда спорттың бірнеше түрімен, атап айтқанда, бокс, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, ауыр атлетика, таэквондо, спорттық гимнастикамен айналысуға мүмкіндік туды.
Бұдан бөлек, облыс орталығында «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бұл нысанда олимпиадалық стандарттарға сәйкес келетін 50 метрлік бассейн, Азия, Әлем чемпионаттарын өткізуге арналған 2500 орындық зал, олимпиадалық спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары болады. Ғимарат құрылысы 2026 жылдың екінші жартыжылдығында аяқталады.

09 декабря 2025
Қызылордада жаңа нысандар бой көтеруде

Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, қала әкімі Нұржан Ахатов пен жауапты сала басшылары құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын бақылауды «Достық үйінің» жаңа ғимаратында жалғастырды. Нысан жақын арада пайдалануға беріледі. Бейбарыс сұлтан көшесіндегі сәулетті ғимараттар қатарын толықтырған нысанның сырты күннен қорғайтын сәндік панельдермен қапталған. Екінші және үшінші қабаттарда кеңселер, сондай-ақ холл, фойе, ресепшн, гардероб, 200 орындық үлкен зал, 60 орындық кофейня орналасады. Конференц-зал заманауи техникалармен жабдықталады.
Цокольді қабатта би студиясы, музыка және вокал кабинеттері, клуб, қоймалар, архив және қосалқы бөлмелер қарастырылған. Бүгінде ішкі әрлеу және дизайнерлік безендіру, сондай-ақ сыртқы абаттандыру жүргізілуде. Жұмыстың 95%-ы біткен. Құрылыс алаңында 7 техника және 135 жұмысшы еңбек етуде.
Ал Президент саябағында бас мердігер «Bi Global» ЖШС ауқымды абаттандыру жобасын жүзеге асыруда. Саябаққа 3 аллея, 6 субұрқақ, 5 амфитеатр, 7 балалар ойын алаңын, 4 спорт және 4 workout, 7 демалыс аймағын, 4 фудкорт, теннис үстелдерін, биіктігі 50 метр болатын айналмалы дөңгелек аттракцион, би алаңын, стритбол, вело және жүгіру жолақтарын, сахна, сарқырама каналдары мен көпірлер, шахмат, баскетбол және футбол алаңдарын, арқан саябағы мен модульдік санитарлық нысандар салуды жоспарлаған. Мұнда жыл он екі ай жұмыс істейтін 300 орындық заманауи балалар тынығу лагері мен Ботаникалық білім беру орталығы (қысқы бақ) бой көтеріп келеді. Бас мердігер Alem Qurylys AQ ЖШС жобаға сәйкес спорт блогын, іс-шараларға арналған event-аймақ, тұрғын корпустар, қонақ үй үлгісіндегі шағын ғимараттар, дәстүрлі киіз үйлер, ашық бассейн, стадион, футбол алаңы және сахна салады.

09 декабря 2025
Шиелі ауданында екі елді мекенге газ қосылды

Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің қатысуымен Шиелі ауданындағы №21 бекет және Жансейіт елді мекендеріне газ қосу рәсімі өтті. Оған жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Мәслихат төрағасы тұрғындарды көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ауылдарды дамытудың маңызын атап өтіп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.
Бүгінде облыс тұрғындарының жартысынан астамы ауылдарда тұрады. Кейінгі жылдары облыс орталығымен қатар, ауылдарға да сапалы инфрақұрылым жеткізу ісі қарқын алды. Өңіріміздің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсімі қамтамасыз етілді. Биыл аймаққа 720 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылса, алдағы жылдары 2 трлн. теңгеден астам қаржыға 90 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.
Бүгін мемлекеттің қолдауымен көгілдір отынға қол жеткізген ауылдағы әр үй қуаныш пен жылуға кенелуде. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!», –деді Мұрат Жолкелдіұлы.
Рәсімде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің қатысуымен Шиелі ауданындағы №21 бекет және Жансейіт елді мекендеріне газ қосу рәсімі өтті. Оған жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Мәслихат төрағасы тұрғындарды көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ауылдарды дамытудың маңызын атап өтіп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.
Бүгінде облыс тұрғындарының жартысынан астамы ауылдарда тұрады. Кейінгі жылдары облыс орталығымен қатар, ауылдарға да сапалы инфрақұрылым жеткізу ісі қарқын алды. Өңіріміздің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсімі қамтамасыз етілді. Биыл аймаққа 720 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылса, алдағы жылдары 2 трлн. теңгеден астам қаржыға 90 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.
Бүгін мемлекеттің қолдауымен көгілдір отынға қол жеткізген ауылдағы әр үй қуаныш пен жылуға кенелуде. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!», –деді Мұрат Жолкелдіұлы.
Рәсімде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан алдыңғы буын ағалар мен мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Еңбек ардагері Насырбек Мырзабеков құттықтау сөз сөйледі.
Соңғы жылдары Шиелі ауданындағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуда ауқымды жұмыс атқарылды. Кентте 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімінің жаңа ғимараты, аудандық аурухана жанынан қосымша ғимарат, «Руханият орталығы», «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» пайдалануға берілді. Бестам ауылдық округінде 150 орындық ауылдық клуб, аудан орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, ел игілігіне айналды.
Заманауи талаптарға сай жабдықталған бұл нысандар тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде.алдыңғы буын ағалар мен мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Еңбек ардагері Насырбек Мырзабеков құттықтау сөз сөйледі.
Соңғы жылдары Шиелі ауданындағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуда ауқымды жұмыс атқарылды. Кентте 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімінің жаңа ғимараты, аудандық аурухана жанынан қосымша ғимарат, «Руханият орталығы», «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» пайдалануға берілді. Бестам ауылдық округінде 150 орындық ауылдық клуб, аудан орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, ел игілігіне айналды.
Заманауи талаптарға сай жабдықталған бұл нысандар тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде.

27 ноября 2025
«Қызылорда- Жезқазған» жолы пайдалануға берілді

Бүгін – Сыр өңіріндегі ғана емес, ел өміріндегі айтулы күн! Өйткені экономиканың күретамыры саналатын отандық жол инфрақұрылымын жетілдіру тарихының жаңа парағы ашылды! Халық көптен күткен, көлік жүргізушілері мен жолаушылардың арманына айналған «Қызылорда-Жезқазған» жолы пайдалануға берілді.
Салтанатты рәсімге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумбетов, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, депутаттар және ардагерлер қатысты.
Аймақ басшысы бұл жолдың өңір экономикасына, өндірістің өркендеуіне, тұрғындардың әл-ауқатының артуына тигізетін оң ықпалы мен ерекше маңызын атап өтті.
«Бүгін – аймағымыз үшін тарихи күн! «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының ашылу рәсімінде бас қостық. Халқымыз ұзақ жылдан бері армандап келген автожолды салуға қолдау көрсеткен Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлына барша Сыр жұртшылығының атынан зор ризашылығымызды, шынайы алғысымызды білдіреміз.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолы туралы мәселе Тәуелсіздік алған кезеңнен бері бірнеше мәрте көтерілді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тұрғындарымыз қара жолмен Елордаға, Ұлытау, Қарағанды облыстарына қатынады. Астанаға 2 мың шақырымнан астам жол жүріп, Балқаш арқылы да барды.
Енді міне, Президентіміздің ерекше қолдауының арқасында қанша жылдан бері халқымыз көтерген өзекті мәселе өз шешімін тапты. Облыс аумағындағы 216 шақырым жол толық қайта жаңғыртудан өтіп, тиісті жұмыстар аяқталды. Жобаны жүзеге асыруға 84 млрд. теңге бөлінді.
Бұрынғы өткен бабалардан қалған «Бақ, қайда барасың, ынтымағы жарасқан елге барамын», – деген жақсы сөз бар. Әрдайым бірлігіміз бекем, ынтымағымыз ырысты болсын! Жүргізушілер мен жолаушыларға әрдайым ақ жол, сәт сапар тілейміз! Жаңа жол берекенің бастауы болғай», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Рәсімде ауқымды жобаның жүзеге асуына үлес қосқан құрылысшылар мен инженерлерге, жол саласының мамандарына облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды. «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев құттықтау сөз сөйледі.
Негізі «Қызылорда-Жезқазған» жолының ашылуы келесі жылға жоспарланған болатын. Халықтың сұранысы ескеріліп, мерзімінен бұрын пайдалануға берілді.
Бұрын сапарға шыққандар екі аралықта 20 сағат жол жүретін. Енді жаңа жолға түскен жолаушылар 16 сағатта діттеген жеріне барады. Жол тегіс, сапасы жоғары, қауіпсіздік, жайлылық ескерілген.
Ұлытау облысының аумағында басталған құрылыс жұмыстары аяқталып, жаңа жол пайдалануға берілгенде Астанаға бағыт алған көлік 12 сағатта жететін болады.
Бүгінде «Қызылорда-Жезқазған» жолын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізіне қосатын 25 шақырымдық айналма жол салатын мердігер мекеме анықталуда. Жақын күндері құрылысы басталады. Жоба құны – 46 млрд. 3 млн. теңге.
Республикалық маңызы бар жол көлік қатынасын едәуір жеңілдетіп, жүк тасымалының тиімділігін арттырады. Жол бойында заманауи сервистік қызмет көрсететін пункттер бой көтеріп, шағын және орта бизнес жанданады. Аймақтар арасындағы әлеуметтік-экономикалық интеграция нығая түседі.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты