Өңірде "Ақниет" ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы" жұмыс жасайды

Өңірде "Ақниет" ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы" жұмыс жасайды

"Ақниет" ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қоры 2014 жылы 10 қаңтарда "Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдар жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын" іске асыру шеңберінде ҚР Президентінің 2013 жылы 24 қыркүйектегі №648 жарлығына сәйкес құрылды. "Ақниет" орталығы – діни радикализмге қарсы азаматтық қоғамның күшін біріктіру мен оңалту жұмыстарын тиімді жүзеге асыру үшін құрылған қоғамдық қор. Қоғамдық қордың Қызылордадағы бөлімшесінің жетекшісі - Маткаримов Жеңіс Әбибуллаұлы.