Өңірдегі діни ахуал мен қоғамдық тұрақтылық мәселелері талқыланды

Өңірдегі діни ахуал мен қоғамдық тұрақтылық мәселелері талқыланды
Бүгін облыс әкімінің орынбасары М. Шермағанбеттің қатысуымен дін саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланған жұмыс жиыны өтті.
Жиын барысында басқарма басшысы М. Қазбекова өңірдегі діни ахуал мен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасап, ақпараттық-түсіндіру бағытындағы шаралар, жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстар және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мәселелеріне тоқталды.
Жиынға қатысушылар конфессияаралық татулықты нығайту, діни радикализмнің алдын алу және сала мамандарының өзара үйлесімді жұмысын күшейту бағытында пікір алмасты.
Қазіргі қоғам үшін ең маңызды құндылықтардың бірі — тұрақтылық пен бірлік. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.