Меню
Страницы

Сарапшылар кеңес құрамын қалыптастыру туралы хабарландыру

Сарапшылар кеңес құрамын қалыптастыру туралы хабарландыру

Қызылорда облысының дін істері басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде бағалау жүргізу үшін сарапшылар кеңесінің құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Сарапшылар кеңесі 3 (үш) жыл мерзімге құрылады және оның мүшелері өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.

Сарапшылар кеңесі құрамына азаматтық қоғам өкілдері – үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, қоғам белсенділері өзін-өзі ұсыну арқылы қатыса алады.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

- азаматтық қоғам саласында тәжірибесінің болуы;

- мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру және бағалау мәселелерін түсінуі;

- мүдделер қақтығысының болмауы не оны жазбаша түрде көрсетуге дайын болуы.

Сарапашылар кеңесі мүшелігіне үміткерлер белгіленген мерзімде мемлекеттік органға:

- эксперттік кеңеске мүше болуға өтінішті;

- мүдделер қақтығысының бар немесе жоқ екендігі туралы хабарламаны ұсынады.

Кандидаттарды қабылдау туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Белгіленген мерзімде кандидаттар ұсынылмаған жағдайда, сарапшылар кеңесі құрамы мемлекеттік орган тарапынан дербес қалыптастырылатын болады.

Сарапшылар кеңесінің алдын ала құрамы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің келісуіне енгізіледі.

Қосымша ақпарат алу үшін:

📍 мекенжайы: С. Бейбарыс к., 1 ғимарат, 318 кабинет

📞 байланыс телефоны: 8 7242 60 53 09, 8 747 701 9127 Н. Бердібек

📧 электрондық пошта: n.berdibek@vmail.kz

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты