Облыстық перинаталдық орталығында жүкті әйелдерге көрсетілетін акушериялық көмектің сапасын арттыру мақсатында «Ұрықтың туа пайда болған ақаулары мен хромосомалық ауруларын ерте анықтау» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Іс-шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары Мирзанова Мая Миранбайқызы, облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Олег Ким, сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық медицина ұйымдарының мамандары қатысты.
Семинарда орталық мамандары «Бір күндік клиниканың ерекшелiктерi», «Ұрықтың туа біткен ақаулары мен хромосомалық ауруларының алдын алу», «Көпұрықты жүктіліктің түрлері мен ерекшеліктері» және «Көпұрықты жүктілік: бақылау кезеңдері мен емдеу тәсілдері» тақырыптарында баяндама жасады.
Семинар соңында қатысушыларға «Ұрықты қорғау орталығы» тарапынан жүзеге асырылып жатқан «Біркүндік клиника» жобасының жұмыс барысы көрсетіліп, орталық қызметімен таныстырылды.
#Денсаулық
#Семинар