Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің қолдауымен Ресей Федерациясының Бас Прокуратурасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы біргеміз!» атты халықаралық байқау ұйымдастырған болатын.
33 мемлекет өкілдері арасында ұйымдастырылған байқауда «Ең үздік плакат» номинациясымен №6 қалалық емханасының мейіргерi Мұратбек Нұрасыл II орынға ие болды.
Байқау жеңімпазына Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жүнісов Айдос Жаппарұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі үшін РФ Бас Прокуратурасының марапатын салтанатты түрде табыстады.