ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖЕТІСТІККЕ ТОЛЫ

ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖЕТІСТІККЕ ТОЛЫ

ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖЕТІСТІККЕ ТОЛЫ

Бүгін көпбейінді облыстық ауруханасының мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлының төрағалығымен және аймақтың бас дәрігері Искаков Олжас Ермекұлы мен медицина ұйымдары басшыларының қатысуымен Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылды қорытындылауға арналған есеп беру жиыны болып өтті.
Негiзгi баяндамада Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы жұмыс қорытындысы және 2024 жылға алға қойған мiндеттерi туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы баяндаса, 2023 жыл қорытындысымен негізгі индикаторлық көрсеткіштердiң орындалу барысы және БМСК ұйымдарының қызметiн бағалау рейтингiсi бойынша басқарма басшысының емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Жаныл Абубакирова, облыс көлемінде 2023 жылы босандыру саласы мен балаларға көрсетiлетiн медициналық көмекті жетілдіру бойынша атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелер бойынша басқарманың ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Айгүл Тулегенова, облыс тұрғындарының 2023 жыл қорытындысы бойынша алғашқы мүгедектiкке шығу көрсеткіштерiн талдау туралы бастапқы медициналық-санитариялық көмектi үйлестіру бөлiмiнiң басшысы Динара Сарманова баяндады.
Жиын соңында салаға жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы тарапынан қатысушыларға облыс әкімінің тиісті тапсырмалары жеткізіліп, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Алдағы уақытта да аймақ тұрғындарының денсаулығын нығайту және денсаулық сақтау саласын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын таба бермек.

#Денсаулық
#Жылдық_есеп