СЫР МЕДИЦИНАСЫ СЕРПІНДІ ДАМУДА

СЫР МЕДИЦИНАСЫ СЕРПІНДІ ДАМУДА

СЫР МЕДИЦИНАСЫ СЕРПІНДІ ДАМУДА

Денсаулық сақтау саласында кезек күтірмейтін мәселелер жетерлік. Соның ішінде, Сыр медицинасын серпінді дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Мәселен, биыл облыстың денсаулық сақтау саласына 138,6 млрд теңге қаржы бөлінді. Тиісінше, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға артып отыр. Сондай-ақ, былтыр өңірде 21 денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталса, оның 17-сі мерзімінде аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Биыл да өңірде бірнеше медициналық ұйымдардың іргетасы қаланып, тұрғындарға мерзімінде табыстау межеленуде. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков мәлімдеді.

- Биыл жергілікті бюджет есебінен Жаңақорған ауданы, Төменарық елді мекенінде дәрігерлік амбулаториямен қатар, 15 төсекке арналған ауылдық аурухана құрылысы салынуда. Сонымен қатар, шалғай аудандардағы балаларға реабилитациялық емнің қолжетімділігін арттыру мақсатында Арал ауданында оңалту орталығын ашу жоспарлануда. Ал, бүгінде 20 денсаулық сақтау нысанының құрылысы бойынша жоба-сметалық құжаттар әзірленуде. Оның ішінде 4 аудандық көп бейінді аурухананың қосымша құрылысы, 2 қалалық емхана, 10 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік-акушерлік бекет. Бұдан бөлек, қаланың сол жағалауында 500 келушіге арналған қалалық емхана мен Қарауылтөбе ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысы салынатын болады. Өткен жылы да 9 медициналық нысанға күрделі жөндеу жүргізілді. Соның ішінде 5 нысанның жөндеу жұмыстары аяқталса, осы жылы 4 нысан пайдалануға берілмек. Ендігі кезекте, денсаулық сақтау нысандарын материалдық техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша тоқталсам, былтыр осы бағытқа жалпы құны 5,3 млрд теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде, медицина ұйымдарының керекті құрал-жабдықтармен қамтылу деңгейі 86 пайызға ұлғайды, - деді Олжас Ермекұлы.

#Брифинг
#Жылдық_есеп