Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауды жария талқылау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауды жария талқылау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін Басқарма басшысының 31.03.2022 жылғы №142-ө бұйрығы негізінде жұмысшы тобы құрылып, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы және оған қарасты медициналық ұйымдарының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінеішкі талдау жүргізілген болатын.
2022 жылдың 30 желтоқсанында жүргізілген талдамалық жұмыстарды талқылау мақсатында тиісті сала және басқарма өкілдерінің қатысуымен отырыс өткізілді.
Жиналысқа басқарма басшысының орынбасары, басқарма қызметкерлері, «Amanat» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы М. Жорабек, қатысып, жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатындағы жасалған жұмыстар бойынша өз пікірлерін және алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықтың орын алмауы мақсатында өз ұсыныстарын ортаға салды.
Жиналыс барысында,ішкі талдау қорытындысымен анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдағы уақытта болдырмау бойынша шаралар атқару қатаң түрде тапсырылды.