Донорлық акциясы ұйымдастырылды

Донорлық акциясы ұйымдастырылды

Бүгін «25 қазан - Республика күні» мерекесіне орай, облыстық қан орталығында «Мен - Отанымның патриотымын» ұранымен донорлар акциясы ұйымдастырылды.

Акцияға 70-тен аса ерікті донорлар қатысып, қан тапсырды. Оның 40-тан астамы тұрақты донорлар болса, 30-ы алғаш рет донор атанғандар.

Аталған шараға қатысушыларға мерекеге орай, сый-сыяпат көрсетілді.Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.