Хабарландыру Әлеуметтік қолдау

Хабарландыру  Әлеуметтік қолдау

Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы        №475 шешіміне сәйкес, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы, 2022 жылы жоғары медициналық оқу орнын бітірген жас мамандарға (дәрігерлерге)  әлеуметтік қолдау көрсету үшін (бір реттік жәрдемақы)  өңірімізде жетіспейтін мамандықтар бойынша  үміткерлерді құжат тапсыруға шақырады:  жалпы тәжірибелі дәрігер (ауылдық елді мекенде жұмысқа орналасқан), анестезиолог- реаниматолог, неонатолог,  уролог, онколог, фтизиатр,  психиатр,  аллерголог-иммунолог,  инфекционист,  пульмонолог, оториноларинголог, невропатолог, рентгенолог, акушер-гинеколог, ревматолог. 

          Жәрдемақы жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленетін болады. Іріктеу кезінде үміткердің әлеуметтік тұрмыс жағдайы (көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасынан, жартылай жетім, отбасында мүгедектер бар, жас отбасылы, балалы, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан тб.) ескерілетін болады және міндетті түрде келісім-шарт негізінде 5 жылдан кем емес медицина ұйымында жұмыс жасауы  шарт.

           Ескертпе: қарастырылған қаржының шектеулілігіне байланысты әлеуметтік көмек алушылар тізімі  талдамалы негізде, арнайы комиссия шешімімен жасақталатын  болады.

           Қажетті құжаттар: жеке куәліктің, дипломның, сертификаттың, жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірмелері, неке туралы және бала тууы туралы куәліктің көшірмелері, әлеуметтік тұрмыс жағдайы туралы анықтама,  комиссия төрағасының  атына жазылған  өтініш  және  байланыс телефондары.

           Құжаттар жинағын  денсаулық сақтау басқармасына  2022 жылдың        10  қарашасына  дейін тапсыру қажет.

          Барлық сұрақтар  бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 27 үй, «Денсаулық үйі», 206,208 кабинеттер.

          Байланыс телефондары : 8(7242) -40-04-51 (ішкі 4021, 4040).

          Электрондық мекен-жайлар: z.sarbaeva@korda.gov.kz

                                                              sh.dyusenova@.korda.gov.kz