Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бiрлескен отырыс өткiзiлдi

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бiрлескен отырыс өткiзiлдi

Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп дөңгелек үстел өткіздi.

Аталған жиынға қоғам белсенділері және медициналық ұйымдардың басшылары мен заңгер мамандары қатысты.

Отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын сақтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдер мәселелері бойынша пікір алмасып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.