Шиелі кентінде медицина қызметкерлері марапатталды

Шиелі кентінде медицина қызметкерлері марапатталды

Шиелі ауданында Будабай Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Оған аудан әкімі Нариман Мақұлбеков, Денсаулық сақтау ардагерлері, дәрігерлер, аудан тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Аудан әкімі медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға игі еңбегі, шыдамы мен мейірімділігі үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, ол мемлекет денсаулық сақтауды дамытуға үлкен қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті.

Шара аясында дәрігерлерді марапаттау рәсімі өтті.