Қызылордада М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің интернатура және резидентура филиалы ашылды

Қызылордада М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің интернатура және резидентура филиалы ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес Қызылорда медициналық жоғары колледжінде М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің интернатура және резидентура филиалы ашылды.
Филиалдың ресми ашылу салтанатын Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шаменова құттықтау сөзімен ашып, көпжылдық тарихы білім орданың аймағымызда ашылудағы басты мақсаты –жергілікті мамандардың кәсіби деңгейін арттыру, білім беруді тереңдету,емдеу-алдын алу мекемелерінде жұмыс істеу үшін білікті маман дайындау кезінде қолайлы жағдай жасау және аймағымыздағы медициналық кадр тапшылығы мәселесін шешу болып табылатындығын атап өтті.
Шараға «М. Оспанов атындағы БҚМУ» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жақсылық Досқалиев, «М. Оспанов атындағы БҚМУ» Басқармасының төрайымы-ректор міндетін атқарушы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Эльнара Исмагулова, Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов, облыстық, қалалық медициналық ұйымдардың басшылары, Қызылорда медициналық жоғары колледжінің ұжымы, филиалда білім алуға ынталы дәрігер-резиденттер мен олардың тәлімгерлері қатысты. Салтанатты шара барысында қонақтар Қызылорда медициналық жоғары колледжіндегі филиалдың оқу-практикалық базасын аралап, оқу кабинеттері мен Симуляциялық орталықпен танысты. Айта кетейік, Қызылорда қаласындағы университет филиалында 12 резидент білім алуда, оның ішінде 4 реаниматолог-анестезиолог, 3 инфекционист, 1 офтальмолог, 1 травматолог-ортопед және оториноларинголог, неонатолог резиденттер бар