КВИ бойынша ауыр ағымы бар науқастар туралы

КВИ бойынша ауыр ағымы бар науқастар туралы

Ауруды талдау КВИ ауыр ағымы бар науқастардың негізгі үлесі вакцинацияланбаған халыққа тиесілі екенін көрсетті.

Мәселен, 1 ақпаннан бастап тіркелген КВИ-мен ауыратын науқастардың салыстырмалы салмағы 97,5%-ды құрайды. Ал вакцинацияланған азаматтардың тек 2,5%-ы ауырып қалды.

Осыған ұқсас жағдай КВИ ауыр ағымымен де қалыптасып отыр, онда реанимациядағы және өкпені жасанды желдетудегі 95%-ы вакцина алмағандарға да келеді. Ұсынылған мәліметтер вакцинацияның тиімділігін тағы бір рет айқын көрсетеді.

Осыған байланысты тағы да халыққа жүгініп, осы уақытқа дейін вакцинацияланбаған азаматтарды вакцинацияның пайдасына дұрыс шешім қабылдауға шақырамын.

Бұл бәрімізге өз денсаулығымызды ғана емес, жақындарымыз бен әріптестеріміздің денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі