Бүгін ауданға коронавирус инфекциясына қарсы "Спутник V" вакцинасының 2700 дозасы келді.
Жұқпалы коронавирус инфекциасына қарсы екпені ерікті түрде аудан орталығындағы Байтұрсынов емханасына барып қабылдауға болады. Егу шаралары емхананың үшінші қабатында демалыс күндеріне қарамастан жүргізіледі.
Бұдан бөлек, аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекендердегі вакцина қабылдауға ниетті аудан азаматтарына арнайы дәрігерлер жасағы жеткізу қызметі арқылы вакциналау шараларын жүргізуде.