Облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.04.2021 жылғы №8 Қаулысы

Облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.04.2021 жылғы №8 Қаулысы

Қызылорда облысының а.ж. 8 сәуірден бастап “сары” аймақта болуына байланысты бірқатар карантин талаптары күшейтілді.
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
-қоғамдық орындарда кальянды пайдалануға;
-ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйленут ойлары, мерейтойлар, еске алу, «ауызашар», т.б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;
-банкет залдарының жұмысына;
-букмекерлік кеңселердің қызметіне;
-бильярд, боулинг (“Ashyq” пилотына қатысатын кәсіпкерлік субьектілерге рұқсат)компьютерлік клубтардың (“Ashyq” пилотына қатысатын субьектілерге рұқсат), түнгі және ойын клубтарының, караокенің қызметіне;
-балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне;
-мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге;
-балалардың ойын-сауық орталықтарының (жабық үй жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар) жұмысына;
-көрермендермен спорттық іс шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады.

РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ
-балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының жұмысы топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша;
-қоғамдық көлік жұмысына;
-банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері жұмысына 9.00-ден 18.00-ге дейінгі уақыт шектеуімен;
-ұйымдар, офистердің жұмыстарына 50%- күндізгі режиммен;
-белгіленген талаптар сақталған жағдайда және ұжымдық іс-шараларды өткізбей діни объектілердің қызметіне;
-қоғамдық тамақтану объектілеріне толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 24-ке дейін жұмыс істеуге;
-сауналар жұмысына (жексенбіден басқа);
-30 адамға дейін мәдениет объектілерінің жұмысына (дайындық);
-толтырылуын 20%-дан артық емес етіп театрлар, кинотеатрлар, концерт залдарының жұмысына рұқсат беріледі.
-алдын ала жазылу бойынша стоматология, медициналық орталықтар, кабинеттер жұмысына;
-толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес етіп облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың жұмысына;
-толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес етіп қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың жұмысына рұқсат;
-Ұлттық құрама, клуб командалары үшін адам санын 30-дан асырмай спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат.
-Мектептердегі білім беру форматы өзгеріссіз күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен облыстың барлық аймақтарында:
-контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқыту;
-білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту;
-жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқыту;
-колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқыту жалғасады.

Қаулының толық нұсқасымен осы жерден таныса аласыздар