Құрметті қызылордалықтар! Қымбатты жерлестер!

Құрметті қызылордалықтар! Қымбатты жерлестер!

Бүгін - дүниежүзілік денсаулық күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1948 жылы құрылған болатын. 1950 жылдан бастап, 7 сәуір дүниежүзілік денсаулық күні ретінде аталып келеді.
Қазір денсаулық мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Өткен жылдан бері әлем елдері коронавирус індетімен күресіп келеді. Қауіпті кесел жақындарымыздың өмірін жалмап кетті. Осы орайда, барлықтарыңызды сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырамын.
COVID - 19 індетімен күрестің ең негізгісі - вакцина салдыру. Құрметті жерлестер, екпе ектіруден қорқудың қажеті жоқ. Вакцина сізді және отбасыңызды қауіпті дерттен қорғауға қауқарлы. Естеріңізде болсын, қарапайым гигиеналық шаралар сіздің өміріңізді сақтауға көмектеседі.
Денсаулық - зор байлық! Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, сақтанып жүруі тиіс.

Құрметпен, облыстық психикалық денсаулық
орталығының директоры
Әділбай Медетбаев