Өткен тәулікте 13 науқастан коронавирус инфекциясы анықталды

Өткен тәулікте 13 науқастан коронавирус инфекциясы анықталды

Қызылорда облысында соңғы тәулікте 13 науқастан коронавирус инфекциясы анықталды. Тіркелген науқастардың 13-і Қызылорда қаласының азаматы.
Өткен тәулікте 4 науқас індеттен айықты. Оның 3-і Қызылорда қаласының, 1-уі Жаңақорған ауданының тұрғыны.
Індет басталған кезеңнен бері 3734 адам вирустан жазылып шықты.
24 сағат ішінде зертханаға 946 сынама тапсырылған. Оның 645-і тексерілді, 301-і бойынша жұмыс жасалуда. 15539 қалдық тест қалып отыр.
Бүгінгі күні өңірде инфекциялық стационарда 44 науқас, 3 науқас инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр.