Соңғы тәулікте 10 науқастан коронавирус инфекциясы анықталды

Соңғы тәулікте 10 науқастан коронавирус инфекциясы анықталды

Қызылорда облысында соңғы тәулікте 10 науқастан коронавирус инфекциясы анықталды. Тіркелген науқастардың 7-і Қызылорда қаласының, 2-і Сырдария, 1-уі Қазалы ауданының азаматы.
Өткен тәулікте 9 науқас індеттен айықты. Оның 6-ы Қызылорда қаласының, 1-уі Шиелі, 2-уі Сырдария ауданының тұрғыны.
Індет басталған кезеңнен бері 3730 адам вирустан жазылып шықты.
24 сағат ішінде зертханаға 1137 сынама тапсырылған. Оның 777-і тексерілді, 360-ы бойынша жұмыс жасалуда. 15604 қалдық тест қалып отыр.
Бүгінгі күні өңірде инфекциялық стационарда 41 науқас, 4 науқас инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр.