Өткен тәулікте коронавирус инфекциясымен 14 науқас тіркелді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясымен 14 науқас тіркелді

Өткен тәулікте Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен 14 науқас тіркелді (Қызылорда қаласы 11, Арал ауданы 1, Жалағаш ауданы 2). Ал, сол күні осы дерттен 6 науқас айығып, дәрігерлер бақылауынан шығарылған.
Қазіргі таңда облыс бойынша инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 4 науқас, инфекциялық стационарда 43 науқас ем алуда.
Ағымдағы жылдың 2 наурызы күні облыс зертханаларына 1 183 адам сынама тапсырып, мамандар 771 сынама бойынша тексерісті аяқтаған. Бүгінде зертханалар қорында 15 977 қалдық тест бар.