Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 11 адам айықты

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 11 адам айықты

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясымен Қызылорда қаласында 5 адам тіркелді. Сол күні осы індеттен 11 науқас айығып, дәрігерлер бақылауынан шығарылды.
Ағымдағы жылдың 17 қаңтары күні облыс зертханаларына 251 адам сынама тапсырған. Мамандар 228 сынама бойынша анықтау жұмыстары аяқталды. Бүгінде зертханалар қорында 31 857 қалдық тест бар.
Қазіргі таңда инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 1 науқас, инфекциялық стационарда 25 науқас ем алуда.