Өткен тәулікте Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен 8 науқас тіркелді

Өткен тәулікте Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен 8 науқас тіркелді

Өткен тәулікте Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен 8 науқас тіркелді (Қызылорда қаласы 4, Шиелі ауданы 1, Жаңақорған ауданы 3). Сол күні осы індеттен 8 адам айығып, дәрігерлер бақылауынан шығарылды.
Ағымдағы жылдың 15 қаңтары күні облыс зертханаларына 1415 адам сынама тест тапсырып, 576 сынама тексерілді. Қалған 839 сынама бойынша мамандар жұмыс жасауда. Зертханалар қорында 32 185 қалдық тест бар.
Қазіргі таңда облыс бойынша инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 1 науқас, инфекциялық стационарда 25 науқас ем алуда.