Өткен тәулікте 9 науқас короновирус індетін жұқтырды

Өткен тәулікте 9 науқас короновирус індетін жұқтырды

Қызылорда облысында тәулік ішінде 9 науқастан коронавирус инфекциясы анықталды. Тіркелген науқастардың 7-і Қызылорда қаласынан, 2-уі Шиелі ауданының азаматы.
Тәулікте 5 науқас емделіп, үйіне оралды. Жалпы эпидемиологиялық ахуал басталғаннан бері 3373 азамат айыққан.
24 сағат ішінде зертханадан 1082 сынама алынды. Оның 784-і тексеріліп, 298-і бойынша жұмыс жүргізілуде. 32592 қалдық тест қалып отыр.
Бүгінгі күні инфекциялық стационарда 22 науқас ем алуда. Ал, инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 1 науқас ем қабылдауда.