Өткен тәулікте өңірде 3 адамнан короновирус анықталды

Өткен тәулікте өңірде 3 адамнан короновирус анықталды

Қызылорда өңірінде өткен тәулікте 3 адамға коронавирус диагнозы қойылған. Тіркелген науқастар 1 адам Қызылорда қаласы, 2-уі Жаңақорған ауданынан анықталды.
Тәулікте 3 адам індеттен айыққан. Індет басталған кезден бері 33567 науқас вирусты жеңіп, айыққан.
24 сағат ішінде зертханаға 1511 сынама тапсырылған. Оның 421-і тексерілген, 1090-ы бойынша жұмыс жасалуда. 33500 қалдық тест қалған. Алынған 121 сынама «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» арқылы, 160 сынама «Ұлттық сараптама орталығынан», 195 сынама «Олимп» ЖШС, 895 сынама «ИНВИВО» арқылы, 140 сынама Арал обаға қарсы лабораториясынан алынған.
Жалпы пандемия кезеңінен бері 171 588 сынама алынған.
Бүгінгі күні өңірде инфекциялық стационарда 17 науқас ем алуда.