Соңғы тәулікте короновирус індетімен 6 науқас тіркелді

Соңғы тәулікте короновирус індетімен 6 науқас тіркелді

Қызылорда өңірінде 6 науқастан короновирус індеті анықталды. Тіркелген науқастардың 5-уі Қызылорда қаласының, 1-уі Жаңақорған ауданының тұрғыны.
Өткен тәулікте 3 науқас емделіп, айықты. Эпидемиологиялық кезеңнен бері 3364 адам індеттен жазылған.
24 сағат ішінде зертханаға 1496 сынама тапсырылған. Оның 403-і тексерілген, 1093 сынама бойынша жұмыс жасалуда. 33 715 қалдық тестті құрап отыр.
Алынған сынамалардың 73 сынамасы «Облыстық фтизиопульмонология орталығы», 300 сынама «Ұлттық сараптама орталығы», 285 сынама «Олимп» ЖШС, 808 сынама «ИНВИВО» арқылы болса, 30 сынама Арал обаға қарсы лабораториясынан алынды.
Бүгінгі күні өңірде 18 науқас инфекциялық стационарда ем алуда.