Облыста коронавирус инфекциясымен 8 жағдай тіркелді

Облыста коронавирус инфекциясымен 8 жағдай тіркелді

Өткен тәулікте Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен 8 науқас (Қызылорда қаласында 7, Жаңақорған ауданында 1) тіркелді. Сол күні осы індеттен 4 адам айығып, дәрігерлер бақылауынан шығарылды.
Ағымдағы жылдың 10 қаңтары күні облыстағы зертханаларға 181 адам сынама тапсырып, мамандар барлық сынаманы тексерді. Бүгінде зертханалар қорында 34 мың 70 тест бар.
Қазіргі таңда облыс бойынша инфекциялық стационарда 21 науқас ем алуда.