Өткен тәулікте өңірде 6 адамнан короновирус анықталды

Өткен тәулікте өңірде 6 адамнан короновирус анықталды

Қызылорда өңірінде өткен тәулікте 6 адамға коронавирус диагнозы қойылған. Тіркелген науқастар 4 адам Қызылорда қаласы, 1-уі Сырдария, 1-уі Қармақшы ауданынан анықталды.
24 сағат ішінде зертханаға 1381 сынама тапсырылған. Оның 318-і тексерілген, 1063-і бойынша жұмыс жасалуда. 34392 қалдық тест қалған. Жалпы пандемия кезеңінен бері 171 588 сынама алынған.
Бүгінгі күні өңірде инфекциялық стационарда 20 науқас ем алуда. Індет басталған кезден бері 3350 науқас вирусты жеңіп, айыққан.
Қазіргі уақытта облыс бойынша инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде ем қабылдап жатырған науқас жоқ.