Өткен тәулікте тұрғындардан ковид белгілері анықталған жоқ

Өткен тәулікте тұрғындардан ковид белгілері анықталған жоқ

Қызылорда өңірінде эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Өткен тәулікте тұрғындардан ковид белгілері анықталмады. Тәулік ішінде 1123 сынама зертханаларға тапсырылды. Оның 259-ы тексеріліп, 864 бойынша жұмыс жүруде. Соның ішінде облыстық фтизиопульмонология орталығында 236 сынама, Ұлттық сараптама орталығы 113 сынама, «Олимп» ЖШС-і 145 сынама, «ИНВИВО» арқылы 629 сынама алынған.

Бүгінгі күні өңірде инфекциялық стационарда 12 науқас ем алуда. Облыс бойынша инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде науқас жоқ.

Айта кету керек, эпидмаусым басталған уақыттан бері 138537 сынама алынған. Облыс бойынша ковид белгілері бойынша 3289 науқас тіркелген. 3250 науқас емделіп шыққан.