Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің облысы бойынша шектеу шараларды, оның ішінде карантинді кезең-кезеңмен жеңілдету туралы 17 қыркүйектегң №24 қаулысы

Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің облысы бойынша шектеу шараларды, оның ішінде карантинді кезең-кезеңмен жеңілдету туралы 17 қыркүйектегң №24 қаулысы

Тыйым салынады:
1) көпшілік іс-шараларын, спорттық-көпшілік, отбасылық, естелік, салтанатты, мерекелік, мәдени-көпшілік, конференциялар, семинарлар, көрмелер, тағы басқа көпшілік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойы, мерей той, еске алу және т.с.)және басқа да адам көп жиналатын іс-шараларды, оның ішінде тұрғылықты мекен жайы бойынша іс-шараларды өткізуге;
2) банкет залдарының, сауда-ойын-сауық кешендері жанындағы балалардың ойын алаңдарын, фудкордта жұмыстарына;
3) ойын-сауық орындарының (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың (ашық ауадағы кинотеатрларды қоспағанда), букмекерлік кеңселердің қызметіне;
4) оқушылардың және мектеп жасына дейінгі балалардың экскурсиясына;
5) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi Кодексінің 110-бабының 5-тармағына сәйкес кальянды пайдалануға.
2. Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен рұқсат беріледі:
1) қала маңындағы жолаушылар поездарының қозғалысын жалғастыруды;
2) сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда нысандары (бутиктер), сауда желілері жұмысына(толтырылуын 30% -дан асырмай, 1 адамға 4 ш.м. болу)сағат 09.00 ден 23.00-ге дейін;
3) сұлулық салондарының, шаштараз, СПА орталықтар және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтаржұмысына (алдын ала жазылу бойынша,1 адамға шаққанда 4 ш.м. болу);
4) балалардың түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызметіне топ 15 адамнан аспай толтырылғанда, алдын ала жазылу бойынша, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің (бұдан әрі – ҚР БМСД) №43 қаулысының талаптары сақталған жағдайда рұқсат етуді;
5) меншік нысанына қарамастан балабақшалардың кезекші топтарына (15 баладан асырмай);
6) ашық алаңдағы аттракциондар жұмысына;
7) фитнесорталықтарының, тренажер залдары (орталықтары), спорттық-сауықтыру орталықтарының (үйірмелер, секциялар т.б.) жұмысына (1 адамға 5 ш.м.дейін болу, толтырылуын 50% -дан асырмай, алдын ала жазылумен);
8) қоғамдық монша, сауна (толтырылуын 50% -дан асырмай, 1 адамға 4 ш.м. болу) жұмысына сағат 09.00 ден 23.00-ге дейін;
9) ашық алаңда жеке және топтық жаттығуларға (5 адамнан аспай);
10)әлеуметтік қашықтықты сақтай отырыпҰлттық құрама, клуб командаларына спорттық жаттығулар өткізуге (30 адамнан асырмай, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру);
11) облыс, аудан орталықтарындағы қоғамдық көліктің жұмысына (пик сағаты уақытта автобустар санының көбейту, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада дезинфекциялық тазарту, барлық есіктерді ашу, жолаушылар саны көліктегі орындар санына сәйкес болу керек);
12) қоғамдық орындарға (демалыс саябақтары, саяжолдар, субұрқақтар, жағалаулар және басқа демалыс орындары) 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруғасағат 9.00 ден 23.00-ге дейін;
13) жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының қызметіне 1 адамға 4 ш.м. дейін болу, толтырылуын 30% -дан асырмай;
14) ұжымдық іс-шараларды өткізбей, ашық ауадағы және үй-жайда 50-ден аспайтын отыратын орын орната отырып, қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметінесағат 9.00 ден 23.00-ге дейін;
15) халыққа қызмет көрсету орталықтарының, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО жұмысына тек алдын ала Egov.kz, EgovKZBBot 2.0 телеграмм-ботпен брондау арқылы;
16) қызметті барынша онлайн форматта көрсету арқылы «Қазпочта» АҚ-ның жұмысына;
17) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты және саны бойынша шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне;
18) халыққа байланыссыз қызмет көрсету (автомобиль жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және т.б.) объектілердің қызметіне;
19) аймақтау талаптарын сақтай отырып медициналық орталықтардың (жазылу бойынша) қызметіне.

3. Жұмысы мен қызметін жалғастыруға рұқсат етіледі:
1) ҚР БМСД-нің №43 қаулысының талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат етуді қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалдырылады (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болған жағдайда)
2) бизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.);
3) толтырылуы 50%-дан аспайтын талапты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы және туризм объектілері мен ұйымдардың(қонақ үйлер, пәтерді жалға алу, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.);
4) такси қызметтері санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-дезинфекциялық ережелер Алгоритмдерін сақтай отырып 3 ересек адамға дейін немесе бір ересек адам екі кәмелетке толмаған баланы алып жүруі талаптарын сақтай отырып жұмысын.
4. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмысын тоқтатады:
1) ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтары;
2) Азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлары;

Қаулының толық мәтінімен мына жерде таныса аласыз.