Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Қызылорда облысыныңденсаулық сақтау басқармасы» сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы хабарлайды.
Cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.
Талдауға қатысу туралы сұрақтар бойынша Қызылорда қаласы, Абай даңғылы № 27 мекенжайда орналасқан Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік танытып, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.