С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында қазақстандық және ресейлік эстрада әншісі, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкеновті еске алуға арналған «Сағым дүние» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтті.

Көрме Батырхан Шөкеновтің жақын досы, «Қазақфильм» киностудиясында «Шоқан Уәлиханов», «Вонг ханымның құпиялары», «Балкон» сияқты фильмдерде фотограф болып жұмыс жасаған Николай Постниковтың 35 фотосуретінен жасақталды. Суреттердің кейбірі 1993 жылы түсірілген «Джулия» музыкалық фильмінен алынса, ал кейбірі «Қазақфильм» киностудиясының фотографы Рафат Бегишев арқылы сақталып, кейін Илья Постников қалпына келтірген фотосуреттер. Көрменің ұйымдастырылуына Батырхан Шөкенов атындағы қоғамдық қоры атсалысты.

КӨРМЕ 2 – 18 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ.

Байланыс телефондары: 27-62-74, 27-29-14, +7(775)191-15-15