Облыстық мәслихаттың экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Балжан Шәменованың төрағалығымен тұрақты комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібінде 2024 жылы мәдениет саласында атқарылған жұмыстар тыңдалды. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ж.Сейілов баяндама жасап, облыстық мәслихат депутаттарының сауалдарына жауап берді.