ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЕУРОПАДАҒЫ ӨНЕР КҮНДЕРІ ИСПАНИЯДА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЕУРОПАДАҒЫ ӨНЕР КҮНДЕРІ ИСПАНИЯДА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Қызылорда облысының Финляндия, Эстония мемлекеттерінде өткен өнер күндері одан әрі Испанияның Мадрид қаласында жалғасып, Ұлыстың ұлы күніне арналған концертпен қорытындыланды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен ұйымдастырылған осы өнер сапары барысында Еуропа жұртшылығы Наурыз мерекесінің тарихи және мәдени маңызы туралы мол ақпаратқа қанықты. Сапардың мақсаты да осы, яғни қазақ халқының ұлттық мұрасын әлем жұртшылығына таныстыру, шығармашылық ұжымдармен тәжірибе алмасу болатын.