ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ ЭСТОНИЯДА ЖАЛҒАСТЫ

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ ЭСТОНИЯДА ЖАЛҒАСТЫ

Сыр елі өнерпаздарының Наурыз мерекесінің тарихи-мәдени маңызын түсіндіру, тәжірибе алмасу мақсатындағы өнер сапары жалғасуда.

Халқымыздың ұлттық мұрасын әлем жұртшылығына таныстыратын «NAURYZ – CELEBRATION OF SPRING» концерті бұл жолы Эстонияның Таллин қаласында өтті. Қазақтың дәстүрлі музыкасы мен өнерін ұлықтаған Қызылорда облыстық филармониясының өнерпаздары қазақтың ән-жырын әуелетіп, көрермен ықыласына бөленді.