«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында архив қызметкерлері Ы.Жақаев және Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалды ескерткіштеріне тазалау жұмыстарын жүргізді.

Науқан мерекелік шараға ұласып, ұлттық құндылықтарымыз дәріптелді. «Тарихы терең Сыр елі» тақырыбындағы көрме ұйымдастырылды. Республикаға танымал күміс көмей жырау, Рүстембек жыраудың ұрпағы, мәдениет саласының үздігі Арнұр Көшенейдің жеке тектік құжаттарын жұбайы С.Абдреймова архив қорына тапсырды.

Шараға Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қ.Жанұзақов және сала ардагерлері, архив қызметкерлері қатысты.