«Киелі мекен» апталығында «Анаға тағзым» орталығының қызметкерлері облыс орталығындағы Жалаңтөс Баһадүр және Мұхтар Әуезов ескерткіштерінің аумағын абаттандырды.

«Киелі мекен» апталығында «Анаға тағзым» орталығының қызметкерлері облыс орталығындағы Жалаңтөс Баһадүр және Мұхтар Әуезов ескерткіштерінің аумағын абаттандырды.

Қоршаған ортаға қамқорлық жасап, өскелең ұрпаққа өнегелі істі насихаттауға бағытталған шараға еңбек ардагерлері, аймақ жастары қатысты.

Шара аясында ұлттық құндылықтарымыз насихатталып, орталық қызметкерлері мен «ДАМУ LIFT» жобасы қатысушылары бастас ойнап, садақ атудан өзара бақ сынасты. Орталық жанынан құрылған «Мирас» әжелер клубының мүшелері ауылдың алты ауызын айтып, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады. Сенбілік соңында қатысушылар «Береке» аспаздық студиясы ұсынған ұлттық дәмнен ауыз тиді.