Өңірде археологиялық қазба жұмыстары басталды

Өңірде археологиялық қазба жұмыстары басталды

Соңғы 6 жылда Сыр өңіріндегі музейлер 6 мыңнан астам экспонатпен толықты. Олардың дені - қыш құмыралар. Құнды жәдігерлер Шірік-Рабат, Сығанақ, Қышқала және Бәбіш мола қалашықтарынан табылған. Археологиялық зерттеу жұмыстары облыстық бюджеттен қаржыландырылды.
Қазір Қазалы мен Қармақшы аудандарында және Жанкент пен Сортөбе қалашықтарында археологиялық зерттеу жұмыстары басталды. Қазбаны Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізуде. Экспедиция жетекшісі - тарих ғылымдарының кандидаты Әзілхан Тәжекеев. Даладағы қазба жұмыстары маусым-шілде айларына дейін жалғасады.