ТЕҢІЗ БЕН ТАЛАНТ

ТЕҢІЗ БЕН ТАЛАНТ

Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында көрнекті эколог-жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты С.Жұбатырұлының 75 жылдық мерейтойына арналған «Теңіз тебіренткен талант» атты кездесу кеші өтті.

Тағылымды кешке облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Қазбекова, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Хұсейн Әмір-Темір, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қаршыға Есімсейітова, э.ғ.к., профессор Қазбай Құдайбергенов және өңірге танымал ақын-жазушылар, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысындамәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Қазбекова құттықтау сөз сөйлеп, жазушыға облыс әкімінің «Құрмет грамотасын» табыстап, салт-дәстүр бойынша иығына зерлі шапан жапты.