Гандболшыларымыз тағы да озды

Гандболшыларымыз тағы да озды

21- 27 ақпан аралығында Алматыда 2008 ж.т қыздар арасында Гандболдан ҚР Чемпионаты болып өтті.
Жарысқа еліміздің әр өңірінен 11 команда қатысты.

Чемпионат тәртібі бойынша жарысқа қатысушылар 3 топқа бөлініп, әр топтан озып шыққан жеңімпаздар бір-бірімен жүлделі орындарға таласты.

Нәтижесінде Қызылорда құрамасы топтан да жарып шығып, финалда да қарсыластарын басып озды. Ал, Алматылық және Қандыағаштық ганболшыларымыз өзара екінші, үшінші орындарды бөлісті.

Естеріңізде болса 2021 жылдың аяғында Испанияда өткен Әлем чемпионатында "Қазақстан" құрамасының қыздары шатасып қойылып кеткен мемлекеттік гимнді бастан аяқ өздері айтып шыққан. Сол патриоттықтың символына айналған қыздардың жартысына жуығы Сыр елінің қайсар қыздары. Сол қыздарымыздың ізін басып келе жатқан
Гандболдан облысымыздың құрама командасымен таныс болыңыздар:
1.Овсянникова Мария
2.Лефарова Диана
3.Асылбекқызы Алина
4.Нигай Анастасия
5.Валиулина Виктория
6.Сулеймен Айым
7.Морозова Ольга
8.Бахитжан Әсел
9.Қырғызбай Нұрдана
10.Сағдат Аяулым
11.Ғалым Қызжібек
12.Көпжан Бану
13.Сейдалиева Тоғжан
14.Әнуар Қарақат
15.Нұрбекқызы Дильназ
16.Валиулина Виктория

Жаттықтырушылары: Егунова Ольга , Салыбеков Құнанбай